Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Өзге өңірлерде метеорологиялық жағдай қалыпты.

Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Pixabay

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

8 наурызда Ақтөбе, Алматы, Астана, Қостанай, Орал қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.