Шымкентте терроризмді насихаттаған күдіктілер ұсталды

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған.

Шымкентте терроризмді насихаттаған күдіктілер ұсталды
ҰҚК баспасөз қызметі

6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде.

«Тергеу материалдары бойынша ертеректе ұсталғандардың біреуі алыс шет елдерге шығып, шамамен сол жерде радикалды діни идеологияны қабылдаған», – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.