8 наурызда Ақтауда әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүре алады

Яғни оларға жол жүру тегін болады.

8 наурызда Ақтауда әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүре алады
Ақтау қаласынің әкімдігі

Ақтауда 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай қалалық қоғамдық көліктерде қыз-келіншектер, аналар, әжелер жол ақысын төлемейді, деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Яғни оларға жол жүру тегін болады.

Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдерінің айтуынша, нәзік жандылар №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 маршрут автобустарында тегін қатынай алады.

Қоғамдық көлік өзінің тұрақты кестесіне сәйкес сағат 6:40-тан 21:00-ге дейін жүреді.