Маңғыстау облысындағы дәріханада әсері күшті дәрілік зат рецептсіз сатылған

Кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылды.

Маңғыстау облысындағы дәріханада әсері күшті дәрілік зат рецептсіз сатылған
Shutterstock.com
727

Маңғыстау облысындағы дәріханалардың бірінде күшті әсер ететін дәрілік зат рецептсіз сатылған, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыс прокуратурасы дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

«Нәтижесінде тиісті лицензиясысы жоқ дәріхана қызметін жүзеге асыру фактісі, сондай-ақ мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау және «Тропикамид» дәрілік заттарын  үлкен көлемінде (45 мыңнан астам қаптама, бұл облыс бойынша сатып алудың 55%  көлемін құрайды) рецептсіз сату деректері анықталды», – делінген хабарламада.

Тропикамид - адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін, есірткіні қолданудың әсерін күшейтетін, нашақорларға негізгі заттың дозасын үнемдеуге немесе күшті эйфориялық реакция алуға мүмкіндік беретін препарат.

Осыған орай, облыс прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті дәріхананың қызметіне тексеріс жүргізді.

«Тексеріс нәтижесімен дәріхананың иесі ӘҚБтК-нің 464-бабының 1-бөлігі (лицензиялау нормаларын бұзу) және  426-бабының 1, 3-бөліктерімен (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылды», – делінген хабарламада.

Бұл ретте сот шешімімен кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары