918
Қостанайда баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды
Оқиғаға қатысты өңірлік білім беру басқармасы мәлімдеме жасады.
Қостанайдағы балабақшалардың бірінде орындықты алып келе жатқан балаға қол көтеріп, кейіннен оны жұлқып орнына отырғызған тәрбиеші арнайы бап бойынша жұмыстан шығарылған.
Ары қарай іс құқықтық алаңда қаралады.
«Костанайские новости» басылымының мәліметінше, аталмыш оқиғаға қатысты өңірлік білім беру басқармасы мәлімдеме жасады.
«Оқиғаны полиция тіркеуге алды. Тәрбиешіні әкімшілік жауапқа тарту үшін материал жинақталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығады», – деп хабарлады ведомство.
Материалды әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған сот қарайды.