Көктемнің алғашқы демалысында ауа райы қандай болады?

Күн ашық болады деп күтілуде.

Көктемнің алғашқы демалысында ауа райы қандай болады?
acc.cv.ua

«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмен болады. Бірақ алдағы күндері көктемгі күн ашық болады деп күтілуде.

«Еліміздің шығысында түнде ауа температурасы 36 градустан 20 градусқа азаяды деп болжануда. Республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында циклондардың әсерінен күн бұлтты болып, жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі», – делінген хабарламада.