Алматыда әйел көпқабатты ғимараттан құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгердің айтуынша, оқиға «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде болған. 22 жастағы әйел ғимараттың 12-қабатынан құлаған.
«Бұл факт бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі соталды тергеу амалдарын бастады, мән-жай анықталады», - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.