Бүгін «Отау» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Өтінімдерді қабылдау түстен кейін басталады.

Бүгін «Отау» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
Ипотека. Фото: pixabay
720

Бүгін, 1 наурыздан бастап қазақстандықтар "Отау" бағдарламасына қатысуға өтінім бере алады.

Өтінімдерді қабылдау түстен кейін басталады.

"1 наурыздан сағат 15:00-ден (UTC+5) бастап Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында (otbasybank.kz) "Отау" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады. Өтінімдер 30 сәуірге дейін қабылданады", - деп хабарлайды "Бәйтерек" холдингі.

Тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтініш берген кезде мына талаптарға сай болу қажет:

  • қатысушылардың жас аралығы – 18 бен 63 жас;
  • Қазақстан азаматы немесе қандас мәртебесі;
  • депозиттегі жинақтың ең аз сомасы 1 млн теңгеден кем емес;
  • үміткердің жинақ шотына ең кемі 18 ай толуы керек;
  • қатысушы мен оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік болмауы керек.

Сондай-ақ Астана мен Алматыдан үй сатып алатындардың осы қалаларда тұрғылықты жері бойынша тіркеу болуы шарт.

Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Айта кетері, Отбасы банк – Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы.

Серіктес жаңалықтары