Шымкентте 29,6 млн теңге жымқырған балабақша иелері сотталды

Бюджетке келтірілген залал толық бюджетке қайтарылды.

Шымкентте 29,6 млн теңге жымқырған балабақша иелері сотталды
Балабақша. Фото: pixabay
738

Шымкент қалалық прокуратурасы 4 жеке балабақша иесінің балабақшаға келмеген балалар үшін 29,6 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденгенін анықталды.

Шымкент қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде бюджетке келтірілген залал толық бюджетке қайтарылды. Сот үкімімен 1 адамға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылса, екіншісі 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мәселен, Г.М.Рысбекованың меңгеруіндегі «Али мен Айя» бөбекжай-бақшасы» ЖШС-і 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылдың желтоқсан айына дейін балабақшаға келмеген 15 бала үшін, олар келді деп құжаттар тапсыру арқылы бюджеттен 8,7 млн теңгенің үстінде қаржы иемденген.

Бұл қылмыс үшін соттың 23.02.2024 жылғы үкімімен Г.М.Рысбекова ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Мұндай қатаң үкімнің шығарылуы аталған тұлғаның бұрын да сотты болып, сот үкімінің орындалуы кейінге қалдырылуы негіз болды».-делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары