Дзюдодан Австриядағы Гран-при турниріне кімдер қатысады?

Сынға Нұрбол Сүлейменов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы да қатысады.

Дзюдодан Австриядағы Гран-при турниріне кімдер қатысады?
banker.kz

8-10 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Bassport.kz сайтының дерегінше, аталған сынға Нұрбол Сүлейменов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы да қатысады.

Команда құрамы төмендегідей:

60 келі: Ержан Еренғайыпов, Қанат Сейілхан

66 келі: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жанарыс Рахматқали

73 келі: Жансай Смағұлов, Ислам Тоқтасын

81 келі: Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла

90 келі: Аян Байғазы, Айдар Арапов

100 келі: Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай.