Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде екі жеңіске қол жеткізді

Қазақстандық теннисші үндістандық Анкита Раинамен бірге жұптық сында жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген.

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде екі жеңіске қол жеткізді
Olympic.kz
1003

Қазақстандық Жібек Құламбаева Гургаон (Үндістан) ITF турнирін жеңіспен бастады.  

Қазақстандық теннисші үндістандық Анкита Раинамен бірге жұптық сында жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген.

Ж.Құламбаева – А.Раина бастапқы кездесуінде үндістандық Зеел Десай – жапониялық Ринон Окувакидің мысын басып, ширек финалға шықты – 2:6, 6:3, 11:9.

Қазақстандық-үндістандық жұп жартылай финалға шығу үшін жапониялықтар Акико Омаэ – Икуми Ямадзакимен таласады.

Әлемнің 493-ракеткасы Жібек Құламбаева жекелей сындағы бәсекесін де сәтті өткізді. Ол дүниежүзілік рейтингіде 951-орында тұрған үндістандық Хумера Бахармусты ойсырата ұтты – 6:1, 6:0. 

Жібек екінші айналымда рейтингіде 1001-сатыдағы жапониялық Ринон Окувакимен сынға түседі. Оны ұтса, ширек финалға өтеді.

Серіктес жаңалықтары