Қазгидромет 10 өңірде ескерту жариялады

"Қазгидромет" РМК мамандары 29 ақпанда еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қазгидромет 10 өңірде ескерту жариялады
Ауа райы. Фото: Pixabay

Ұлытау облысыныңсолтүстігінде тұман;

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман;

Атырау облысыныңсолтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтілуде.

Түркістан облысыныңоңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысыныңбатысында тұман.

Қостанай облысыныңоңтүстігінде тұман.

Жетісу облысындаоңтүстік-шығыстан жел соғады,Алакөлауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундына 25 метрге жетеді.

Абай облысындасолтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші – 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні – 23 м/с.