Ұлытау облысында лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды

Кінәлі тұлғалармен жалпы сомасы 1,5 млн теңгеге әкімшілік айыппұл төленді.

Ұлытау облысында лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды
aqjolgazet.kz
734

Ұлытау облысында заң талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлытау облысының прокуратурасы прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды хабардар етпеу және прокурорлық қадағалау актілерінде көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою туралы шараларды қабылдамау фактілері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 664, 665, 666-баптары бойынша 12 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

«Қарау нәтижелері бойынша сотпен Ұлытау облысы әкімінің 2 орынбасары, Жезқазған қаласының әкімі, Ұлытау ауданы әкімінің м.а., Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкімдерінің орынбасарлары, білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының м.а. әкімшілік жауаптылыққа тартылды», – делінген хабарламада.

Кінәлі тұлғалармен жалпы сомасы 1,5 млн теңгеге әкімшілік айыппұл төленді.

Серіктес жаңалықтары