«Алтын допқа» үміткер футболшылар тізімі жарияланды

Алғашқы үштік өзгеріссіз.

«Алтын допқа» үміткер футболшылар тізімі жарияланды
footballhd.ru

Goal интернет порталы 2024 жылғы «Алтын допқа» үміткерлер тізімін жаңартты, деп хабарлады turkystan.kz.

BasSport.kz сайтының дерегінше алғашқы үштік өзгеріссіз: көш басында «Реал» мен Англия жұлдызы Джуд Беллингем тұр. Ол биылғы маусымда 21 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді, Испания суперкубогында топ жарды.

Одан кейін ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе мен «Манчестер Сити» ойыншысы Эрлинг Холанд келеді.

«Алтын допқа» үміткер 20 футболшы:

1. Джуд Беллингем («Реал»)

2. Килиан Мбаппе (ПСЖ)

3. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»)

4. Филип Фоден («Манчестер Сити»)

5. Родри («Манчестер Сити»)

6. Харри Кейн («Бавария»)

7. Мохамед Салах («Ливерпуль»)

8. Винисиус Жуниор («Реал»)

9. Лаутаро Мартинес («Интер»)

10. Букайо Сака («Арсенал»)

11. Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»)

12. Антуан Гризманн («Атлетико»)

13. Хулиан Альварес («Манчестер Сити»)

14. Бернарду Силва («Манчестер Сити»)

15. Деклан Райс («Арсенал»)

16. Родриго («Реал»)

17. Криштиану Роналду («Әл-Наср»)

18. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»)

19. Флориан Виртц («Байер»)

20. Лионель Месси («Интер Майами»).