EGov.kz порталы қазақстандықтар үшін уақытша қолжетімсіз болады

29 ақпан сағат 22:00-ден 1 наурыз 02:00-ге дейін электронды үкімет сайтында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

EGov.kz порталы қазақстандықтар үшін уақытша қолжетімсіз болады
eGov.kz. Фото: kapital.kz

Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты eGov.kz электронды үкімет сайты уақытша қолжетімсіз болады. 

29 ақпан сағат 22:00-ден 1 наурыз 02:00-ге дейін электронды үкімет сайтында және басқа да жобаларда техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Төмендегілер біраз уақыт қолжетімсіз болуы мүмкін:

  • eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
  • egov mobile мобильді қосымшасы; 
  • "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі; 
  • "Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі; 
  • "e-Otinish" электрондық өтініштер қызметі;
  • "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдеуімен басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базалары.