Танымал актриса өзіне теріс пікір білдіретіндерге жауап берді

Мадина Оспанова өзінің сырт келбетіне қатысты сөз айтатын адамдарға өтініш білдірді.

Танымал актриса өзіне теріс пікір білдіретіндерге жауап берді
Мадина Оспанова. Фото: instagram.com/ospanova.mm
1389

Актриса Мадина Оспановаға әлеуметтік желіде теріс пікір жазатын оқырмандарының ісіне пікір білдірді. Өнер иесі «OZMZғой» бағдарламасында көрермендеріне өтініш айтты, деп хабарлады turkystan.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде бір оқырман актрисаға «Қайын атасы бар келін санын жалтыратып отырады ма?», - деп теріс пікір жазған.

«Қайын атамның киіну стилін көрмедіңіздер ғой. Ол кісі үнемі сымбатты болып жүреді. Жалпы біздің де жарасымды киініп жүргенімізді қалайды. «Осылай жарқырап жүріңдер» дейді.

Күйеуім де қарсы емес. «Жарасып тұр. Осылай жүрші» дейді. Оның үстіне көбінесе бірге жүреді. Оның үстіне баламды, күйеуімді әлеуметтік желіде көп көрсетпеймін. Мен ашық-шашық киінемін дей алмаймын. Барлық киімім күйеуімнің фильтрінен өтеді», - деді актриса.

Сонымен қатар актриса өзінің сырт келбетіне қатысты сөз айтатын адамдарға өтініш білдірді.

«Арық болған жараспайды деп пікір жазатын және бетке айтатын адамдарға айтатын өтінішім бар. Бұл этикаға сай келмейтін сөздер. Бұл біреудің көңіліне тиеді деп ойламайды. Әдейі айтпайды ғой. Бірақ сонда да айтар кезде ойланса екен. «Арықтап кетіпсің», «Саған жараспайды» деп айтпай-ақ қойса екен деймін. Мүмкін мен ауырып, арықтап кеткен шығармын. Білмейді ғой.

Кейде фильм біткеннен кейін «Кинода томпақсың, үлкен көрінесің. Өмірде кіп-кішкентайсың» дейді. Актриса ретінде мүмкін менің ең жанды жерім шығар. «Экранда үлкен көрінем" деген ой мені күйзеліске түсіретін шығар. Өмірде соны уайымдап жүрген шығармын. Бір кісі келеді де, оны менің бетіме басады. Әр адам өзіне ыңғайлы дене салмағымен өмір сүреді ғой», - деді актриса.

Серіктес жаңалықтары