799
Абай облысында өртенген үйден бір адамның денесі табылды
Өрттің себебі анықталуда
Бүгін сағат 08:00-де Абай облысы Бородулиха ауданы Шелехово ауылында жер үй өртенді, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тұрғын үйде шатырдың, қабырғалардың, терезе мен есіктердің ағаш құрылымдары өртеніп, ағаш қосалқы ғимараттарға таралғанын анықтады.
«Қызыл жалын 10:56 сағатта оқшауланып, 12:02 сағатта толығымен жойылды. Өрттің алдын ала ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Өрттің себебі анықталуда. Өрт орнында бір адамның денесі табылды», - деп хабарлады ТЖМ.