Құралай Анарбекова «Ақтөбе аруы» атағын алғанына өкінетінін айтты

Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» подкастында айтып берді.

Құралай Анарбекова «Ақтөбе аруы» атағын алғанына өкінетінін айтты
Құралай Анарбекова. Фото: kaztrk_kz
1659

Танымал актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова «Ақтөбе аруы» байқауына қатысқан кезін еске алып, жеңіске жеткені үшін өкінетінін айтты. Өнер иесінің сөзінше, ел арасында алған атағы жайлы түрлі қауесеттер тараған.

Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» подкастында айтып берді. Актриса өзін көре алмаған жандар «Ақтөбе аруы» атағы оған төсек арқылы келді» деген қауесеттер таратқанын жеткізді.

«Ол кезде 16 жаста болдым. Өзімді көрсетіп, танымал болғым келді. Бірақ «Ақтөбе аруы» атанғаныма өкіндім. Өйткені 16 жасымда өзіме қатысты ауыр сөздерді есту қиын болды. Ұтылған қыздар бар, тағы басқа жандар көре алмаушылықтан шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты. Олар бұл атақты төсек арқылы, біреу арқылы алды деген қауесет таратты. Бұл сөздер жаныма қатты батты. Ата-анам естемесе екен деп тілейтінмін. Ол кісілерге мұндайды есту қиын болар еді. Жалпы «мисс» деген қыздардың артынан жақсы сөздер ермейді. Мен бұндайды білгенде бұл қадамға ешқашан бармас едім. Қатты өкінемін», - деді Құралай Анарбекова.

Серіктес жаңалықтары