Қарағандыдағы зауыттан өрт шықты

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Қарағандыдағы зауыттан өрт шықты
Өрт. Фото: ТЖМ

Қарағанды қаласында А. Бөкейханов атындағы ауданда "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цехтың шатырынан өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

Сағат 07:52-де өрт сөндірушілер 400 ш.м. алаңдағы өртті оқшаулауға қол жеткізді.

Өрт сағат 08:22-де сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.