Алматыда халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер ұсталды

Қазіргі таңда ол Қарасай ауданы ПБ УҰИ-на қамауға алынды

Алматыда халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер ұсталды
piqsels.com

Алматыда халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов мәлім етті, деп жазады turkystan.kz.

Халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы қылмыскерді 22 ақпанында Алматы облысы ІІД (ПД) Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚБ) қызметкерлері ұстады.

Жамбыл облысының полицейлері ұсталған адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша іс жүргізу бастаған. Ұсталған ер адамның бірнеше ай бойы Алматы қаласының аумағында құқық қорғау органдарынан жасырынғаны анықталды, - деді Бауыржан Әленов.

Қазіргі таңда ол Қарасай ауданы ПБ УҰИ-на қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.