Александр Недовесов Мексикадағы турнирдің финалына шықты

Александр Недовесов – Гонсало Эскобардың финалдағы қарсыластары кейін анықталады

Александр Недовесов Мексикадағы турнирдің финалына шықты
ktf.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда мексикалық Мигель Анхель Рейес-Варела – аргентиналық Гвидо Андреоццимен сынға түсті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында олар 3 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Рейес-Варела – Андреоцци 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Александр Недовесов – Гонсало Эскобардың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.