Сәбит Әбдіхалықовқа күрделі ота жасалды

Актер жүрек талмасына ұшыраған.

Сәбит Әбдіхалықовқа күрделі ота жасалды
Сәбит Әбдіхалықов. Фото: instagram.com/sabit_abdykalykov
1165

Белгілі актер Сәбит Әбдіхалықов осыдан бірнеше жыл бұрын инфаркт алған. Өнер иесі өзіне күрделі ота жасалғанын айтты.

«Жаным көзіме көрінді. 2016 жылы инфаркт алып, содан жүректе ақау бар. 5 сағатқа созылған өте күрделі ота болды. Аллаға шүкір, балам қарап жатыр», - деп жазды Сәбит Әбдіхалықов Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар өнер иесі көңілін сұрап келген өнердегі әріптестеріне рақмет айтты.

«Ота жасаған емхананың бас дәрігеріне алғыс айтамын. Арнайы көңілімді сұрап келген Мұқасан Шахзадаев, Мейрамбек Беспаев достарыма мың алғыс. Жүрегіме күрделі ота жасаған Арман бауырыма рақмет!», – деп ризашылық білдірді өнер иесі.

Серіктес жаңалықтары