874
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысында антициклон әсері сақталады. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың қалған бөлігінен атмосфералық фронттар өтіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.
«Еліміздің батысында ауа температурасында өзгерістер күтілмейді, республиканың солтүстігі мен орталығында түнде 22-35 градус аяздан 10-23 градус аязға дейін жоғарылайды, шығыста түнде 12-22 градус аяздан 23-38 градус аязға дейін төмендейді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 градус аязға дейін аздаған төмендейді», – делінген хабарламада.