2122
Қазақстанда ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді
Сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.
23 ақпан, жұма күні еліміздің барлық өңірлерінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізілетін болады. Бұл туралы turkystan.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.
Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты жер сілкінісі қаупі мен орын алуы кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру.
«ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес береді», – делінген хабарламада.