899
«Алакөлжылудың» бұрынғы басшысы 7 жылға сотталды
Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді.
Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.
Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Ол көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған.
Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.