Елімізде 3 миллионнан астам бала қосымша біліммен қамтылады

Бүгінде оқушылардың 81,1% - ы қосымша біліммен қамтылған.

Елімізде 3 миллионнан астам бала қосымша біліммен қамтылады
lifehacker.ru. қолда қаламсап

Қазақстанда 3 миллионнан астам баланы қосымша біліммен қамту жоспарлануда, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларымен елімізде 3 миллионнан астам оқушы қамтылады деп жоспарлануда.

«Бүгінде оқушылардың 81,1% - ы қосымша біліммен қамтылған. Біз қосымша білім алу кезінде барлық балаларға тең мүмкіндіктер беруге тырысамыз. Биыл қамтуды 86,3% - ға дейін арттыру жоспарлануда», - деп атап өтті тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Айта кетейік, балаларды қосымша біліммен неғұрлым көбірек қамту үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарында 6 Оқушылар сарайын ашу жоспарланып отыр.