6910
Әнші Бауыржан Ретбаев не үшін сахнадан көрінбей кеткенін түсіндірді
Өнер иесі «1001 түн» бағдарламасында сұхбат берді.
Әнші Бауыржан Ретбаев сахнадан көрінбей кету себебін айтты. Ол 2020 жылы Маңғыстауға көшіп, шаңырақ көтергенін мәлім етті.
«Өнерден алыстамадым. Әндерімді жазып, бейнебаянымды түсіріп жүрмін. Тек карантин уақытында Маңғыстауға көшіп кеттім. Алматыға қайта көшіп келгеніме 1,5 ай болды. Өнерге қайта кірісіп жатырмын.
Ауылға барып, үйлендім. Бала-шағалы болдым. Мен ұлдан жалғызбын, үйдің кенжесімін. Сол себепті әкем мен анамның жанында тұруға тура келді. Жалғыз бала болғасын, келіннің қызметі бар. Сонымен кішкене жүріп қалдық. Бірақ шығармашылық тоқырау болмады. Репертуарымда жетпіске тарта ән бар», - деді Ретбаев.