Қатты аяз, тұман: 20 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет ел аумағында 20 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Қатты аяз, тұман: 20 ақпанға арналған ауа райы болжамы
matritca.kz
1094

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

«Тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қарлы бұрқасын мен қар жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта-желдің күшеюі күтіледі, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында-тұман түседі», — деп жазды ведомстводан.

Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус қатты аяз болады.

Серіктес жаңалықтары