1038
«Казцинк» компаниясына 50 млн теңге айыппұл салынды
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті хабарлады.
2024 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластануы бойынша «Казцинк» ЖШС-нің Риддер тау-кен байыту кешеніне жоспардан тыс тексеру аяқталды.
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті хабарлады.
Жоспардан тыс тексеру кезінде экология департаменті мамандары алған сарқынды сулардың сынамаларында марганецтің 4,5 есе артық мөлшері анықталды.
«Сондай-ақ тазарту құрылыстарын дұрыс пайдаланбау салдарынан Үлбі өзеніне көптеген ағындар болғаны анықталды. Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша, «Қазцинк» ЖШС-не 50 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, «Казцинк»-ке ЖШС заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.