11 облыста жол қозғалысына шектеу қойылды
Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 428 арнайы техника мен 850 қызметкер жұмылдырылды
17 ақпан, сағат 22:00-дегі жағдайға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 11 өңіріндегі, 28 тас жолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Абай облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 1142 шақырымды құрайтын 5 автомобиль жолында
1.«Омбы-Майқапшағай» - Семей қ.-Қалбатау а., Қалбатау а.-Боғас а.
2. «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» - Аягөз қ.-Боғас а.
3. «Алматы-Өскемен» - Жетісу обл.шекарасы-ШҚО шекарасы
4. «Таскескен-Бақты» - Таскескен а.-Үржар а.
5. «Өскемен-Семей» - Семей қ.-ШҚО шекарасы
Ақмола облысында (ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 77 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:
1. «Екатеринбург-Алматы» - Жібек Жолы төлем алу пункті-Қарағанды обл.шекарасы
2. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» Қабанбай батыр а.-Қарағанды обл.шекарасы
Алматы облысында (қар, ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 99 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:
1. «Алматау турбазасына кіреберіс аймақ»;
2. «Алматы-Ташкент-Термез» - Жаңақұрылыс а.-Жамбыл обл.шекарасы
Шығыс Қазақстан облысында (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, қар көшкіні қаупі) жалпы ұзындығы 589 шақырымды құрайтын 4 автомобиль жолында:
1. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» Белоусовка к.-Риддер қ.
2. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары»
3. «Омбы-Майқапшағай» - Абай обл.шекарасы-Зайсан қ.-Үлкен Қаратал а.-ҚХР шекарасы
4. «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» Дайыр а.-Марқакөл а.
Жамбыл облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 150 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында
1. «Алматы-Ташкент-Термез» Кенен а.-Қайнар а.,
Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.
Жетісу облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 158 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында
1. «Үшарал-Достық» Көктума б.-Достық б.
2. «Алматы-Өскемен» Үшаралға бұрылыс-Абай обл.шекарасы.
Қарағанды облысында (ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 1251 шақырымды құрайтын 4 автомобиль жолында:
1. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» Ақмола обл.шекарасы-Теміртау
2. «Қызылорда-Павлодар» Қарағанды-Павлодар обл.шекарасы, Ұлытау обл.шекарасы-Топар к., Ботақара к.-Қарқаралы қ.
3. «Екатеринбург-Алматы» - Ақмола обл.шекарасы-Теміртау төлем алу пункті, Солтүстік-Шығыс айналма жолы, Теміртау төлем алу пункті-Қарағанды, Новостройка к.-Балқаш қ.
4. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» Павлодар обл.шекарасы-Ботақара к.
Қостанай облысында (Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты) жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында
1. «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау обл.шекарасы-Арқалық қ.
Маңғыстау облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 132 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында
1. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» - Жетібау а.-Ақтау қ.
2. «Жетібай-Жаңаөзен-Түркіменстан шекарасы» Жетібай а.-Жаңаөзен қ.
Солтүстік Қазақстан облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 67 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында
1. «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)» Кішкенекөл-РФ шекарасы
Ұлытау облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында
1. «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау к.-Қостанай обл.шекарасы, Жезді к.-Ұлытау а.
2. «Қызылорда-Павлодар» Жезқазған қ.-Қарағанды обл.шекарасы
Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 428 арнайы техника мен 850 қызметкер жұмылдырылды.