«Кімдікі дұрыс?» Мадина Сәдуақасова жаңа образымен көпшілікті таңғалдырды

Ол жаңа образын Instagram парақшасында жариялады.

«Кімдікі дұрыс?» Мадина Сәдуақасова жаңа образымен көпшілікті таңғалдырды
harpersbazaar.kz

Әнші Мадина Сәдуақасова жаңа образымен көпшілікті таңғалдырды. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы шаш үлгісін түбегейлі өзгертіп тастаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол жаңа образын Instagram парақшасында жариялады.

«Әйел адамның өзіне сенімділігі мен ішіндегі оты, тек әйелдің өзіне ғана байланысты десем, қасымдағылар келіспей тұр. Күйеуі, бастығы, енесі және т.б. Тіпті, тағдыр туралы айта бастады. Әйел адам өз тағдырын өзі құрады. Ал айтыңыздаршы, кімдікі дұрыс», - деп жазды әртіс.

Желі қолданушылары жарыса пікір жазуда.

«Тек қана өзіңізді көрсете бересіз», «Қасыңыздағыларда дұрыс айтады», «Әйел өз тағдырын өзі құрады, ене мен күйеудің сөзі мені қызықтырмайды», «Сіздікі дұрыс», – деп жазды олар.