«Көп жылдан бері мазалайтын»: Танымал әзілкешке ота жасалды

Оның айтуынша, асқазанының ауырғаны көп жылдан бері келе жатқан мәселесі екен.

«Көп жылдан бері мазалайтын»: Танымал әзілкешке ота жасалды
YouTube/Aman Tasygan Live
2131

Танымал актер, әзілкеш Нұрболхан Шараповтың денсаулығы сыр берді. Ол Түркия елінде асқазанына ота жасатты. 

Оның айтуынша, асқазанының ауырғаны көп жылдан бері келе жатқан мәселесі екен.

“Астың қазаны. Көп жылдан бері мазалайтын. Бүгінде жаныма батып тұр. Ақыры сәтi түсiп, Стамбұлға келiп асқазанға ота жасатып бастадым. Сәтжан бауырым бастаған ақ халатты абзал жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Ақшам да жоқ! Алла разы болсын! İстерiңе береке берсiн! Сендер болғаннан кейiн ба, уайым болмады. Түрiктiң мықты профессорларының қарауында болдым. Шүкiр!

Ендi 1 айлық күтiм керек. Сосын аттай шауып, құстай ұшып, ешектей жұмыс iстеп, тышқандай тiрнектеп, шошқа құсап тамақты опыра бересiң. Бастысы, күтiмдi ұмытпа дедi”, – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында әзілкеш.

 

Серіктес жаңалықтары