Павлодарда жер үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты

Қайтыс болған тұрғынның жеке басын анықтау жұмысы жүргізілуде.

Павлодарда жер үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты
ашық дереккөз
837

Павлодарда өрт кезінде ер адам көз жұмды. Өрттің шығу себебі анықталуда, деп хабарлады turkystan.kz  Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпан күні сағат 12:48-де Екінші өткел көшесі, 32 мекенжайы бойынша орналасқан үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен төрт техника мен жеке құрамнан 16  адам жіберілді. 

«Оқиға орнына жеткенде жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер барлау барысында 1985 жылғы ер адамның денесін анықтады. Қайтыс болған тұрғынның жеке басын анықтау жұмысы жүргізілуде», – дейді департаментте.  

Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары