Ауа райына байланысты еліміздің 11 облысында жолдар жабылды

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ауа райына байланысты еліміздің 11 облысында жолдар жабылды
egemen.kz

11 облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«15 ақпан сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.
 

  • Абай облысында - 2 учаске (177 км)
  • Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 км)
  • Алматы облысында - 1 учаске (84 км)
  • Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 км)
  • Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)
  • Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
  • Қостанай облысында - 1 учаске (83 км)
  • Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км)
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2 учаске (249 км)
  • Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)
  • Ұлытау облысында - 1 учаске (115 км)


Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 666 бірлік техника және 1475 жолшы жұмылдырылған.