Бүгін Астананың мектеп оқушылары қашықтан оқиды

0-9 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшірілді.

Бүгін Астананың мектеп оқушылары қашықтан оқиды
pixabay.com

Қалалық білім басқармасы екінші ауысымда оқитын оқушыларға қатысты ақпарат таратты.

2024 жылғы 15 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.