Теміртауда дүкенде газ жарылды: Зардап шеккендер бар

Үйінді астынан әйел адам шығарылды.

Теміртауда дүкенде газ жарылды: Зардап шеккендер бар
ТЖМ

Теміртауда дүкенде газ жарылып, ғимарат опырылды.

Сағат 08.06-да Теміртау қаласы, Ватутина көшесі, 2 қабатты дүкеннің мекенжайында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Дүкен ғимараты опырылып, өртке оранған. Үйінді астынан әйел адам шығарылды (жағдайы нақтылануда), оның айтуынша үйінді астында ер адам бар.

«Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. Үйінділерді талдауға кірісті. Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына бара жатыр», - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.