1415
Президент Анар Жайылғанованың отбасына көңіл айтты
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Нұралықызы Жайылғанованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Анар Нұралықызы еселі еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады. Көптеген игі іске атсалысып, өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Нағыз мемлекеттік қызметшіге тән қалпымен абыройлы қызмет атқарған Анар Нұралықызының есімі мен бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, - деп жазылған жеделхатта.
Еске салсақ, бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Жайылғанованың өмірден өткенін жазған болатынбыз.