ШҚО-да қар құрсауында қалған автобус жолаушылары құтқарылды

Автобус салонында 23 жолаушы болды, оның ішінде 5-уі бала

ШҚО-да қар құрсауында қалған автобус жолаушылары құтқарылды
ШҚО ТЖД бааспасөз қызметі
909

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары боранда қалған автобуста отырған 23 адамға көмекке келді, деп жазады turkystan.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Новосибирск қаласынан Өскеменге жолға шыққан автобус 9 ақпанда «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолында келе жатқан. Кенет қатты жел мен боранға байланысты автобус қар құрауында қалып қойды. Сол жерге ШҚО ТЖД құтқарушылары мен «Қажсервис» ЖШС техниктері көмекке келді.

Автобус салонында 23 жолаушы болды, оның ішінде 5-уі бала. Жол қызметінің техникасы қарды тазалаумен айналысып, құтқарушылар көктайғақпен күресіп жатқанда адамдар автобуста күтіп отырды. Трассаның бір бөлігі ашылғаннан кейін құтқарушылар мен жолшылар техникасының жол бастап жүруімен автобус шекара бекетіне жетті, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сол жерден жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жолаушыларды «ТРЭКОЛ» жол талғамайтын көлігімен эвакуациялап, жақын маңдағы Шемонаиха қаласына жеткізді. Онда жергілікті атқарушы орган өкілдері ыстық тамақ берді. 

Азаматтардың бір бөлігі туыстарына орналастырылса, басқалары Өскеменге қарай жолын жалғастырды.

Серіктес жаңалықтары