Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауып, бұрқасын сақталады.

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?
halyq-uni.kz

«Қазгидромет» РМК 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Демалыс күндері Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауып, бұрқасын сақталады.

Скандинавиялық циклонның әсері тек дүйсенбіге қарай аяқталуы мүмкін. Атмосфералық қысым жоғарылайды. Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз -15…-20°, түнде -20…-28° дейін аяз болады, – делінген хабарламада.

Иран облыстарынан Қазақстанның оңтүстік облыстарына циклон жетеді, жауын-шашын, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болады деп күтіледі.