942
Қазақстандағы халық саны туралы жаңа деректер жарияланды
12 ай ішіндегі халықтың жалпы өсімі 266 739 адамды құрады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 033 546 адамды құрады, деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Олардың ішінде:
қала халқы – 12 451 004 адам
ауыл халқы – 7 582 542 адам
12 ай ішіндегі халықтың жалпы өсімі 266 739 адамды құрады.
2023 жылы Қазақстанда 387,9 мың бала дүниеге келді (2022 ж. - 403,5 мың сәби), оның 200,3 мыңы - ұл, 187,6 мыңы - қыз. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 19,50 құрады, - делінген хабарламада.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елге келгендер саны 25,3 мың адамды, елден кеткендер саны 16 мың адамды құрады.
Көші-қон сальдосы оң + 9344 адам. Айта кетейік, былтыр 2011 жылдан бері алғаш рет оң көші-қон сальдосы байқалды.