«Өзге ұлт өкілі»: Гүлнар Сиқымбаева алғаш рет жолдасы жайлы айтты
Өнер иесінің ата-анасы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанына қарсы болған. Тіпті әкесімен ат-құйрығын кесіскен.
ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаева жарының қазасынан кейін алғаш рет ел алдына шығып сұхбат берді. Бұл туралы ол «Мақсатына жеткендер» бағдарламасынlа берген сұхбатында айтты, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Біз «Гүлдер» ансамблінде жүргенде таныстық. Ол кісі аппаратураларды жөндейтін, дыбыс қоятын маман болды. Осы күнге дейін айтпаған едім, өзге ұлт өкілінің адамы еді. Славян тектес ұлтқа жатады. Бір күні концертке шығайын деп тұрсам, туфлиімнің өкшесі сынып қалды. Өзімнің де салмағым ауыр ғой. Менің алдымда Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер ән айтып болды. Дайындық кезінде сол жігіттің балғамен колонканы ұрып жатқанын көргенмін. Сахнаның сыртынан сол жаққа қарай жүгірдім. Қолындағы балғасымен екі-үш рет қағып жіберді. Мені хабарлап жатыр. Содан ентігіп сахнаға шықтым. Ол жігіт болмағанда жалаңаяқ шығушы едім. Ертеңіне рақметімді айтып, грим бөлмесінде шай бердім. Ол маған гүл сыйлады. Содан жарасып кеттік. Ол менің өнерімді қолдады. Гастрольден келгенде қамыр жайып, ет асып отыратын. Шаршап келдің деп, аяғымды жылы суға салатын. 38 жыл бірге өмір кештік. Марқұм жолдасым туралы өткен шақта айту өте қиын», – дейді өнер иесі.
Сонымен қатар өнер иесінің ата-анасы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанына қарсы болған. Тіпті әкесімен ат-құйрығын кесіскен.
«Әкем өте қатты қарсы болды. 5 жыл бойы бір-бірімізді көрмедік. Мүлдем хабарласпай қойды. Керісінше, барған жерім керемет қарсы алды. Шешесі мен әпкесі ғана болды. «Біздің жұлдызымыз» деп енем ештеңе істеткен жоқ. Менің жұмысым – тек ән айту, концертке қатысу. Жолдасым да үйдің тірлігін істей беретін. Өнерден де, отбасыдан да жолым болды. Бірақ жолдасым ұлымды сүндеттегенде қатты ренжіді. Мұсылман болғанына ренжіген жоқ, баланы текке қинадық деді. Менің тегімді берді. Байыр Сиқымбаев болып ұлым жазылды. Сол ұлымнан бір немере сүйіп отырмын», – деді әнші.