Танымал тележүргізуші екінші рет сәбилі болды

Тележүргізуші ақпанның 7 күні дүниеге қыз бала әкелген.

Танымал тележүргізуші екінші рет сәбилі болды
instagram/iris_ten10

Қазақстандық тележүргізуші Ирина Тен біраз уақыт бұрын гендер-пати өткізген болатын. Ол Instagram желісіндегі парақшасында қыз босанғанын мәлім етті.

Ол ақпанның 7 күні дүниеге қыз бала әкелген.

«Әдемі әлемге қош келдің, қызым. Біз сені асыға күттік. Ана бақытын сезіндіргенің үшін мың алғыс», - деп жазды Ирина Тен.

Желі қолданушылары тележүргізушінің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін арнады.