Павлодар облысында қатты дауылдың салдарынан бірқатар ауыл жарықсыз қалды

Болған апаттық ақауларды жоюға 47 авариялық бригада жұмылдырылды

Павлодар облысында қатты дауылдың салдарынан бірқатар ауыл жарықсыз қалды
kubnews.ru
879

Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірде 40-қа жуық елді мекен электр қуатынсыз қалған, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 8 ақпаннан 9 ақпанға қараған түні ауа райының қолайсыздығына байланысты, дауылды желдің салдарынан (екпіні 28 м/с дейін) аймақтағы 38 ауылдық елді мекенде (~4276 абонент) электр энергиясының ішінара өшуі тіркелді.

Сонымен қатар дауылды желдің салдарынан Павлодар қаласының ауылдық аймағындағы Жетекші ауылындағы ЖОМ-тің шатыры ішінара зақымдалды. Ауданы 30 шаршы метрді құрайды.

9 ақпан күні, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша электр қуаты өңірдегі 25 ауылдық елді мекенде қалпына келтірілді. 13 ауылдық елді мекенде (~1553 абонент) жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл облыстың 5 ауданына қарасты ауылдарда (Баянауыл, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты), сондай-ақ, Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Береке ауылында тіркелді, - делінген хабарламада.

Болған апаттық ақауларды жоюға 47 авариялық бригада жұмылдырылды. Жұмыстарға 137 адам және 46 бірлік техника тартылды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары