Қазақстанның 10 облысында жолдар жабылды

48 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Қазақстанның 10 облысында жолдар жабылды
QazAvtoJol

Бүгін сағат 10:30-дағы ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 48 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Абай облысында – 1 учаске;

Ақмола облысында – 14 учаске;

Ақтөбе облысында – 5 учаске;

Шығыс Қазақстан облысында – 2 учаске;

Қарағанды облысында – 5 учаске;

Қостанай облысында – 7 учаске;

Қызылорда облысында – 1 учаске;

Павлодар облысында – 4 учаске;

Солтүстік Қазақстан облысында – 8 учаске;

Ұлытау облысында – 1 учаске.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 519 техника және 864 жолшы жұмылдырылды.