1489
Алматыдағы лай көшкіні: Барлық адамның денесі табылды
Апат болған жерді лайдан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Алматыдағы лай көшкіні кезінде үйінді астында қалған 3 адамның да денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Үйінді астынан 4 адамның денесін алып шықтық, - деді құтқарушы.
Құтқарушылар оқиға орнынан 1984 жылы туған ер адам мен 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған тағы бір жас жігіттің мәйітін тауып, шығарды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетіп жатыр.
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, үйде ерлі-зайыпты мен 2007 жылы туған егіз ұлы болған.
Апат болған жерді лайдан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.