Ақтаудағы әуежайда есірткі жұтып алған шетелдіктер ұсталды

Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг-дан асады.

Ақтаудағы әуежайда есірткі жұтып алған шетелдіктер ұсталды
ҰҚК
1897

 24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады. 

Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті.

Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды.

Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг-дан асады.

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары