Ауа райына байланысты 12 облыста жол жабылды

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ауа райына байланысты 12 облыста жол жабылды
ашық дереккөз

12 облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«7 ақпан сағат 15.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.

  • Ақмола облысында – 12 учаске
  • Ақтөбе облысында – 13 учаске
  • Атырау облысында – 2 учаске
  • Жамбыл облысында – 1 учаске
  • Жетісу облысында – 1 учаске
  • Батыс Қазақстан облысында – 7 учаске
  • Қарағанды облысында – 11 учаске
  • Қостанай облысында – 8 учаске
  • Қызылорда облысында – 1 учаске
  •  Павлодар облысында – 3 учаске
  •  Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске
  •  Ұлытау облысында – 3 учаске.