Екібастұзда өрт шыққан көпқабатты үйден 20 адам эвакуацияланды

Құтқарылған тұрғындардың жетеуі – бала.

Екібастұзда өрт шыққан көпқабатты үйден 20 адам эвакуацияланды
Константин Шелков

Екібастұзда өрт шыққан үйден 20 адам эвакуацияланды. Құтқарылған тұрғындардың жетеуі – бала, деп хабарлады turkystan.kz.

Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 7 қаңтарда сағат 07.08-де Абай көшесі, 49/2 мекенжайы бойынша төртінші қабатта пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде екі бөлмелі пәтердің балконы мен қонақ бөлмесінде 12 шаршы метр аумақта үй заттары жанып жатқаны анықталған», – деді департаментте.  

Жоғары температураның әсерінен бесінші қабаттағы балконның 0,5 шаршы метр пластикалық бұрышы балқып кеткен.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері баспалдақпен көтерілгенге дейін 20 адам өз бетінше эвакуацияланды. Оның ішінде жетеуі – бала.

Тілсіз жау сағат 07.25-те ауыздықталып, сағат 07.47-де сөндірілді.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.