Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккендерге баспана кілтін табыстады

Түркия президентінің айтуынша, зілзала болған аймақта тағы 75 мың үй 2 ай ішінде тапсырылады

Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккендерге баспана кілтін табыстады
Анадолы агенттігі

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Хатайда жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға баспана кілтін табыс етті, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жер сілкінісі болған аймақта бенефициар саны 390 мың адам болатыны анықталды. Бүгін біз 7 мың 275 азаматқа баспана кілтін табыстап жатырмыз, оның 6 мың 572-сі провинция және аудан орталықтарында, 703-і - ауылдық жерлерде, - деді президент Ердоған.

Түркия президентінің айтуынша, зілзала болған аймақта тағы 75 мың үй 2 ай ішінде тапсырылады.

Жылдың соңына дейін біз 200 мың үйді тапсырып, бірінші тас қаланғаннан кейін құрлысыты бір жыл ішінде аяқтау туралы уәдемізді орындаймыз. Біздің мақсатымыз – ай сайын 15-20 мың үй мен кенттегі үйлерді заңды иелеріне беру, - деді Режеп Тайип Ердоған.