3648
Оралда зорлықпен өлтірілген ер адамның мәйіті табылды
Кісі өлтіру дерегі бойынша Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде
Орал қаласында зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 ақпан күні болды, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Таңғы сағат 08.10-да Дәулеткерей көшесі бойындағы үйлердің бірінің жанынан ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Кісі өлтіру дерегі бойынша Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазіргі кезде аталған қылмысты ашу және күдіктіні анықтауға бағыттталған жедел іздестіру іс-шаралары атқарылуда. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.